«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында METU студенттерінен құралған студенттік құрылыс жасағы өз жұмысын бастады. Жоба жастардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына бағытталған.
Қазіргі таңда студенттер университет аумағы мен оған іргелес аймақтарды абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу, көгалдандыру және көркейту жұмыстарына белсенді атсалысуда. Сонымен қатар, құрылыс жасағының мүшелері қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті насихаттауда.
Студенттік құрылыс жасағы – жастардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізуіне, еңбек тәжірибесін жинақтауына және командалық жұмыс дағдыларын дамытуына мүмкіндік беретін маңызды жоба. Бұл бастама студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың туған өлкеге деген жанашырлық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
METU студенттері алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі бастамаларды қолдап, еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған жұмыстарға белсенді қатысуды жалғастырады.