Главная Новости METU қабылдау комиссиясының өкілдері Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді
16 Маусым 2026                  47
METU қабылдау комиссиясының өкілдері Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді

METU университетінің қабылдау комиссиясының өкілдері университеттің серіктес оқу орындарының бірі болып табылатын Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары студенттерге METU университетінде білімін жалғастыру мүмкіндіктері, бакалавриаттың білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары және колледж түлектеріне берілетін артықшылықтар туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар академиялық ұтқырлық, студенттік өмір, халықаралық ынтымақтастық және болашақ кәсіби даму мүмкіндіктері туралы кеңінен айтылды.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, METU университетінде жоғары білім алу мүмкіндіктерімен жақынырақ танысты.

Мұндай кездесулер білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, болашақ талапкерлерге мамандық пен оқу орнын саналы таңдауға көмектеседі.

Автор: Мусақызы Ж.