Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ-дың «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушысының жетекшілігімен Алматы қаласындағы НЗМ оқушылары АҚШ-та өткен халықаралық Genius Olympiad олимпиадасының күміс жүлдегерлері атанды
15 Маусым 2026                  35
МИТУ-дың «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушысының жетекшілігімен Алматы қаласындағы НЗМ оқушылары АҚШ-та өткен халықаралық Genius Olympiad олимпиадасының күміс жүлдегерлері атанды

МИТУ-дың «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушысы Илияс Ақмарал Қайырбекқызының жетекшілігімен Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Зере Нұрбол мен Әлиза Стыбаева АҚШ-та өткен халықаралық Genius Olympiad олимпиадасында Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.

Оқушылар «Кәсіпкерлік» бағыты бойынша ECO-GROW жобасын ұсынып, байқау қорытындысы бойынша II орын иеленіп, күміс медальмен (Silver Medal) марапатталды.

Қатысушыларды және олардың ғылыми жетекшісін халықаралық деңгейдегі жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми-зерттеу және жобалық қызметтеріне толағай табыс тілейміз!