Главная Новости METU-де кәсіптік бағдар беру жұмысына белсенді қатысқан оқытушылар марапатталды
29 Маусым 2026                  53
METU-де кәсіптік бағдар беру жұмысына белсенді қатысқан оқытушылар марапатталды

2026 жылғы 29 маусымда METU университетінде 2025–2026 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру жұмысына белсенді қатысқан оқытушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Алғыс хаттар мектеп оқушыларымен және талапкерлермен кездесулерге, білім көрмелеріне, Ашық есік күндеріне және университеттің басқа да кәсіптік бағдар беру іс-шараларына белсенді қатысып, университеттің дамуына елеулі үлес қосқан оқытушыларға табысталды.

METU университетінің басшылығы оқытушыларға белсенділігі, жауапкершілігі және университеттің беделін арттыруға, талантты жастарды тартуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Мұндай марапаттау рәсімдері профессор-оқытушылар құрамының бірлескен еңбегін дәріптеп, университеттің білім беру кеңістігіндегі беделін нығайтуға ықпал етеді.

Автор: Мусақызы Ж.