Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері мен магистранттары Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында Harbin Engineering University ұйымдастырған “International Summer School for Central Asian and Russian Youth: Cultural Exchange and Technological Innovation” атты халықаралық жазғы мектепке қатысуын сәтті аяқтады.
Жазғы мектеп 2026 жылғы 8–28 маусым аралығында өтіп, мәдени алмасуды дамытуға, заманауи технологиялық жетістіктермен таныстыруға және университеттер арасындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Бағдарламаға METU атынан келесі білім алушылар қатысты:
Нұрмағамбетов Ерасыл – 7M06101 «Программная инженерия» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты;
Махсудов Бауыржан – 7M06101 «Программная инженерия» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты;
Тасилов Мағжан – 6B06103 «Программная инженерия» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті;
Жеңіснұрқызы Ақберен – 6B06103 «Программная инженерия» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті.
Бағдарлама барысында қатысушылар дәрістерге, мәдени-білім беру іс-шараларына қатысып, жасанды интеллект зертханаларына, Қытайдың өнеркәсіптік және технологиялық кәсіпорындарына барды. Сонымен қатар олар қытай тілімен, мәдениетімен және дәстүрлерімен танысты.
Жазғы мектептің барлық кезеңінде METU студенттері мен магистранттары университетке бағдарламаның мазмұнды әрі қызықты өткенін көрсететін фото және бейнематериалдар жіберіп отырды. Бұл университет қауымдастығына олардың халықаралық тәжірибесі мен жетістіктерін бақылауға мүмкіндік берді.
Жазғы мектеп соңында Harbin Engineering University қабырғасында салтанатты жабылу рәсімі өтіп, қатысушыларға бағдарламаны сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.
METU білім алушыларының аталған жазғы мектепке қатысуы Harbin Engineering University-мен ынтымақтастықтың маңызды практикалық нәтижесі болып, алдағы уақытта серіктестік қатынастарды, академиялық ұтқырлықты және бірлескен білім беру бастамаларын дамытуға негіз қалайды.
Қазіргі уақытта қатысушылар жаңа біліммен, халықаралық тәжірибемен, жарқын әсерлермен және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларымен елге оралуда.