Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры Биотехнология бойынша магистрлік бағдарламаны жаңарту
17 Ақпан 2026                  30
Биотехнология бойынша магистрлік бағдарламаны жаңарту

2026 жылдың 17 ақпанында кафедрада «7М05101 – Биотехнология» магистратурасының білім беру бағдарламасын жетілдіруге арналған отырыс өтті.

Талқылауға жұмыс берушілердің өкілдері қатысты: биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Шорабаев Ерік Жарылқасынұлы; биология ғылымдарының кандидаты, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының жетекші ғылыми қызметкері Оразымбет Салтанат Эмильевна; PhD, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Жұмаділова Жанар Шадібекқызы; инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығының иммунология зертханасының меңгерушісі Бөкеева Тамара Абдуллаевна, сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен докторанттар.

Отырыс барысында молекулалық биология, геномика, биоинженерия саласындағы заманауи жетістіктерді және биотехнологиялық саланың талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламасының мазмұнын өзектендіру бойынша ұсыныстар қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар оқу пәндерін жаңарту туралы шешім қабылданды:

·                   «Консервіленген ет өнімдерінің биотехнологиясы» пәні «Гендерді реттеудің молекулалық механизмдеріне» ауыстырылсын;

·                   «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы Менеджмент және сервис» пәні «Сапа менеджменті жүйелеріне» ауыстырылсын.

Енгізілген өзгерістер магистранттардың ғылыми және практикалық даярлығын күшейтуге, молекулалық биология, геномика, сапа менеджменті және заманауи биотехнологиялық зерттеулер саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламасы биотехнологиялық саланың қарқынды дамуы жағдайында ғылыми және өндірістік міндеттерді тиімді шеше алатын мамандарды даярлауға бағытталған.