Главная Новости Абай мұрасы – мәңгілік мұра
10 Тамыз 2026                  39
Абай мұрасы – мәңгілік мұра

    10 тамыз – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай университет кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Абайдың шығармалары, абайтанушылардың ғылыми еңбектері және ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған газет-журнал материалдары қойылды.

Көрменің мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, жастардың рухани дүниесін байытып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.