Главная Новости Студенттер арасында Абай мұрасы және «Толық адам» идеясы талқыланды
17 Сәуір 2026                  77
Студенттер арасында Абай мұрасы және «Толық адам» идеясы талқыланды

Университетіміздің Жастар ұйымдары комитетінің ұйымдастыруымен студенттер арасында ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының әдеби және рухани мұрасын насихаттауға бағытталған танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттер Абай мұрасы және «Толық адам» идеясы туралы ой бөлісіп, ақынның шығармаларындағы адамгершілік, білім, ғылым, еңбек, ар-ұят және рухани кемелдік мәселелерін талқылады.

«Толық адам» идеясы Абайдың адам болмысы, мінез-құлық, ақыл, қайрат пен жүрек үйлесімі туралы философиялық ойларымен сабақтас. Бұл ұстаным жас ұрпақты білімге ұмтылуға, еңбекқорлыққа, адалдыққа және ізгілікке тәрбиелеуде маңызды мәнге ие.

Іс-шара барысында студенттер Абай шығармаларынан үзінділер оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар Абайдың қара сөздеріндегі тағылымды ойларға тоқталып, олардың қазіргі қоғам мен жастар өміріндегі маңызы талқыланды.

Танымдық кездесу студенттердің ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, Абай мұрасын тереңірек танып-білуіне мүмкіндік берді.

Абайдың адамгершілік, білім мен ғылымды дәріптеген ойлары — бүгінгі жас ұрпақ үшін де өзекті. Осындай іс-шаралар студенттердің рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне және саналы, білімді, еңбекқор тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.