«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 2026–2027 оқу жылындағы студенттік құрылыс жасағы өз жұмысын бастап, METU аумағын абаттандыру жұмыстарына белсене кірісті.
Студенттер METU аумағында
жүргізіліп жатқан жұмыстарға белсене қатысып, берілген тапсырмаларды сапалы әрі
уақытылы орындауда. Әр жұмыс күні олардың еңбекқорлығы, ұйымшылдығы және
жауапкершілігі айқын көрініс табуда.
Студенттік құрылыс жасағы – жастардың еңбекке араласуына, тәжірибе жинақтауына және командалық жұмыс дағдыларын дамытуына мүмкіндік беретін маңызды бастама. Бүгінде METU студенттері оқу ордасының көркеюіне өз еңбектерімен үлес қосып, белсенділіктерін көрсетуде.
Жастарымыздың еңбекке деген ынтасы мен
жауапкершілігі ерекше атап өтуге лайық. Өз міндеттерін адал атқарып жүрген
студенттерге алғыс білдіреміз!