Главная Новости METU және InterService: бірлескен жобалар
28 Мамыр 2026                  219
METU және InterService: бірлескен жобалар

2026 жылғы 28 мамырда METU-де «InterService» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын талқылады.

Компания METU студенттерін кәсіби практикадан өтуге қабылдауды жалғастыруға және үздік студенттерге кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынуға дайын екенін білдірді. Сонымен қатар студенттер мен түлектер үшін Алматы қаласымен қатар, Қазақстанның басқа қалаларындағы InterService филиалдарында да жұмысқа орналасу мүмкіндіктері қарастырылатыны атап өтілді.

Кездесу барысында әдістемелік құралды бірлесіп әзірлеу мәселесіне де ерекше назар аударылды. InterService мамандары мен METU өкілдерінің қатысуымен компанияның практикалық тәжірибесіне негізделген және білім беру үдерісінде пайдалануға болатын практикалық материал әзірлеу жоспарлануда. Бұл бағыт бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Сонымен қатар компания мамандарын білім беру үдерісіне тарту, студенттерге арналған бірлескен іс-шаралар өткізу және өзара іс-қимылдың басқа да форматтары талқыланды.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы қадамдарды айқындап, белгіленген бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.