Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) Халықаралық ынтымақтастық департаменті 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.
METU студенттері университеттің шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында бір семестр білім алып, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтай алады.
Қазіргі уақытта келесі университеттер бойынша академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері ашық:
Познань технологиялық университеті — Польшаның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі және METU-дің ресми серіктесі.
Студенттер кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламаларының каталогымен келесі сілтеме арқылы таныса алады:
https://incoming.put.poznan.pl/en/
Аталған университетке келесі білім беру бағдарламалары мен бағыттар бойынша студенттер бара алады:
Universidad Austral 2027 жылғы көктемгі семестрге шетелдік серіктес университеттердің студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламасына шақырады.
Оқу мерзімі:
Номинация тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 1 қазанға дейін.
Студенттердің жеке өтінім тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 15 қазанға дейін.
Номинация формасы:
https://forms.gle/LeA31DDFzdCPSJo38
Курстар, талаптар және тұру бойынша ақпарат:
https://www.austral.edu.ar/programas-internacionales/incoming/
Аталған университетке келесі білім беру бағдарламалары мен бағыттар бойынша студенттер бара алады:
Universiti Teknologi MARA (UiTM) шетелдік студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.
Тіркелу сілтемесі:
https://mobiliti.uitm.edu.my/
Аталған университетке келесі білім беру бағдарламалары мен бағыттар бойынша студенттер бара алады:
Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін студент таңдаған пәндер өзінің білім беру бағдарламасына сәйкес болуы қажет. Пәндер тізімі міндетті түрде выпускающая кафедрамен және METU Халықаралық ынтымақтастық департаментімен келісіледі.
Қатысуға ниетті студенттер Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласып, өтінім беру тәртібі, қажетті құжаттар және оқу пәндерін таңдау бойынша кеңес ала алады.
Академиялық ұтқырлық — бұл шетелдік университетте білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтауға, тілдік дағдыларды дамытуға және кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған бірегей мүмкіндік.