Главная Новости METU-да «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабына арналған көрме ұйымдастырылып, талқылау өтті
28 Тамыз 2026                  45
METU-да «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабына арналған көрме ұйымдастырылып, талқылау өтті

   Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, аталған еңбек бойынша танымдық талқылау өтті. Кітап көрмесінде Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қатысты ой-тұжырымдары жинақталған басылым оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап мемлекеттік басқару, заң үстемдігі, цифрландыру, жастар саясаты, экология және «Таза Қазақстан» бастамасы секілді өзекті тақырыптарды қамтитын 21 бөлімнен тұрады. Іс-шара барысында кітаптың мазмұны таныстырылып, ондағы қоғам дамуы, білім мен ғылымның маңызы, жастардың жауапкершілігі және ел болашағына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар кітаптағы маңызды ойлар мен тұжырымдарға тоқталып, олардың қазіргі қоғам үшін мәні туралы пікір алмасты METU ректоры Д.Б. Ақпанбетов өз сөзінде кітаптың жастар үшін тағылымдық маңызына тоқталып, білімді, жауапты және ел болашағына бейжай қарамайтын азамат қалыптастыруда кітап оқудың және қоғамдық мәселелерді терең түсінудің маңыздылығын атап өтті.

Кітап көрмесі мен талқылаудың негізгі мақсаты – білім алушылардың қоғамдық-саяси сауаттылығын арттыру, елдегі өзгерістер мен даму үдерістеріне қызығушылығын қалыптастыру, сондай-ақ кітап оқуға деген ынтасын арттыру.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы METU ғылыми кітапханасының қорына енгізіліп, университет оқырмандарының пайдалануына ұсынылды. Көрме қатысушыларға елдің бүгіні мен болашағына қатысты маңызды мәселелерді кітап арқылы танып, ой елегінен өткізуге мүмкіндік берді.