Главная Новости ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МІНДЕТТЕР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛДЫ
28 Тамыз 2026                  60
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МІНДЕТТЕР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛДЫ


28 тамызда 2026 жылы  Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде 2026–2027 оқу жылындағы №1 Ғылыми кеңес мәжілісі өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы маңызды басқосуға университеттің ректоры Д.Б.Акпанбетов төрағалық етті.

Ғылыми кеңесте жаңа оқу жылындағы университет қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы міндеттері жан-жақты қаралды.

Атап айтқанда, Ғылыми кеңестің жаңа құрамы бекітіліп, университет құрылымындағы өзгерістер, кадрлық тағайындаулар, 2026–2027 оқу жылына дайындық және стратегиялық міндеттер талқыланды. Сонымен қатар Ғылыми кеңестің жылдық жұмыс жоспары, 2026–2027 оқу жылына арналған профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесі және штаттық кесте бекітіліп, қабылдау комиссиясының атқарған жұмысы қорытындыланды.

Мәжілісте жаңа оқу жылына арналған материалдық-техникалық база, цифрлық инфрақұрылым және қауіпсіздік жүйесінің дайындығына да ерекше назар аударылды. Университеттің ішкі нормативтік құжаттары қаралып, білім беру, ғылыми-зерттеу және басқару үдерістерін одан әрі жетілдіруге қатысты нақты міндеттер белгіленді.

Ғылыми кеңесті ашқан Д.Акпанбетов жаңа оқу жылында университет алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Университеттің әрбір бастамасы ең алдымен білім сапасын арттыруға, ғылымды дамытуға және студенттерімізге сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Жаңа оқу жылында бізге қалыптасқан нәтижелермен шектелмей, академиялық сапаны, ғылыми әлеуетті және университеттің бәсекеге қабілеттілігін жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл – бүкіл ұжымға ортақ міндет», – деді Д.Акпанбетов.

Сонымен қатар ректор жақында жарық көрген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты таңдаулы сөздері мен ой-пікірлерінің жинағына арнайы тоқталып, өз пайымымен бөлісті.

Бұл басылымда әділеттілік, білім, еңбек, жауапкершілік және Қазақстанның болашағы туралы негізгі идеялар жинақталған. Елдің даму бағытын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін кітап қазіргі қоғамдық үдерістер мен мемлекеттік саясатқа қызығушылық танытатын барша оқырманға пайдалы. Университет басшысы Мемлекет басшысының әділеттілік пен білімге негізделген бастамалары жоғары оқу орнының даму стратегиясымен және жас ұрпақты тәрбиелеу ісімен тығыз сабақтасып жатқанын атап өтті.

Мәжіліс барысында жаңа оқу жылында білім сапасын қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерді жандандыру, цифрландыруды дамыту, университет инфрақұрылымын жетілдіру және студенттер үшін қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.

2026–2027 оқу жылы Халықаралық инженерлік-технологиялық университет үшін жаңа мақсаттар, жаңа бастамалар және нақты нәтижелер жылы болмақ!