Главная Новости Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер!
01 Қыркүйек 2026                  80
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер!

   1 қыркүйек – Білім күніне орай METU-да жаңа оқу жылының басталуына арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, студенттерге университеттің маңызды білім беру және ақпараттық орталықтарының бірі – METU кітапханасы таныстырылды.

Кітапхана қызметкерлері студенттерді кітапхананың жұмыс тәртібімен, оқу залдарымен, кітап қорымен және заманауи электрондық ресурстарымен таныстырды. Сонымен қатар студенттерге қажетті оқу және ғылыми әдебиеттерді іздеу, кітаптарды электрондық каталог арқылы пайдалану, кітап алу және қайтару тәртібі түсіндірілді.

Жаңа оқу жылы барша студенттер мен оқытушылар үшін жаңа білімге, биік мақсаттарға және жарқын жетістіктерге толы болсын!

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!