Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының бірінші курс студенттері кафедра басшылығымен және профессор-оқытушылар құрамымен танысты
01 Қыркүйек 2026                  81
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының бірінші курс студенттері кафедра басшылығымен және профессор-оқытушылар құрамымен танысты

1 қыркүйек – Білім күніне орай «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының бірінші курс студенттері кафедра басшылығымен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Бұл кездесу студенттер үшін оқытушылармен жақынырақ танысып, өз кафедрасы туралы маңызды ақпарат алуға алғашқы мүмкіндік болды.

Кездесу барысында студенттерге оқу үдерісінің ерекшеліктері, оқу пәндері, кафедраның негізгі қызмет бағыттары және білім алу барысында берілетін мүмкіндіктер туралы айтылды. Сонымен қатар бағдарламалық инженерия саласында кәсіби дамудың және практикалық дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университеттегі академиялық және студенттік өмір туралы пайдалы ақпарат алды. Оқытушылар студенттерге оқу барысына қатысты кеңестер беріп, жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсетті.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, студенттердің университеттегі жаңа кезеңіне жақсы бастама болды. Бірінші курс студенттеріне сәтті оқу, жаңа білім, қызықты жобалар және жарқын жетістіктер тілейміз!