Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Инженериядағы смарт-технологиялар» кафедрасында Білім күні өтті
02 Қыркүйек 2026                  41
«Инженериядағы смарт-технологиялар» кафедрасында Білім күні өтті

1 қыркүйек – Білім күніне орай «Инженериядағы смарт-технологиялар» кафедрасының 1-курс студенттері кафедра басшылығы және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Бірінші курс студенттері үшін бұл кездесу оқытушылармен жақынырақ танысып, кафедраның қызметі, оқу үдерісі және білім алудың перспективалары туралы ақпарат алуға алғашқы мүмкіндік болды.

Білім күні аясында «Инженериядағы смарт-технологиялар» кафедрасының мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түскен 1-курс студенттеріне салтанатты түрде ноутбуктер табысталды.

Ноутбуктерді табыстау – бірінші курс студенттеріне көрсетілген маңызды қолдаудың бірі. Бұл бастама студенттерге оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға, практикалық тапсырмаларды орындауға және заманауи цифрлық технологияларды меңгеруге қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, студенттердің жаңа кезеңдегі университеттік өміріне сәтті бастау берді. Барлық студенттерге оқуда табыс, жарқын жетістіктер және кәсіби болашаққа нық қадам тілейміз!