1 қыркүйек – жаңа оқу жылы басталып, білім мен ғылым жолына жаңа қадам жасайтын ерекше күн.
METU университетінің «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы барша студенттерді, оқытушыларды және университет табалдырығын алғаш аттаған 1-курс студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтайды.
Биыл кафедрамызға қабылданған жас студенттердің білім жолындағы алғашқы қадамдары сәтті болып, студенттік өмірлері жарқын жетістіктерге толы болсын!
Жаңа оқу жылының маңызды сәттерінің бірі – грант негізінде оқуға түскен студенттерге ноутбуктердің табысталуы. Ноутбуктерді табыстау барысында Академиялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Абдилдаева Асель Асылбековна және «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Абуова Алтынай Бурхатқызы студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, білім жолында сәттілік, жоғары жетістіктер мен толағай табыстар тіледі.
Бұл қолдау студенттердің заманауи білім беру ресурстарын тиімді пайдаланып, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізуіне мүмкіндік береді.
Барша білім алушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, ізденіс, биік мақсаттар мен толағай жетістіктер тілейміз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!