Главная Новости METU ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ОРАЙ ЖАҢА АСХАНА АШЫЛДЫ
02 Қыркүйек 2026                  27
METU ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ОРАЙ ЖАҢА АСХАНА АШЫЛДЫ

Жаңа оқу жылының басталуымен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде студенттерге арналған жаңа асхана өз жұмысын бастады.

Жаңа асхана университет білім алушылары үшін жайлы, заманауи және қолжетімді тамақтану ортасын қалыптастыру мақсатында іске қосылды. Мұнда студенттер мен университет қызметкерлеріне күнделікті оқу және жұмыс барысы кезінде ыңғайлы жағдайда тамақтануға мүмкіндік жасалған.


Асханада келушілерге арналған жайлы орындар қарастырылып, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар мәзірде студенттердің күнделікті қажеттіліктеріне сай әртүрлі тағамдар мен сусындар ұсынылады.

Жаңа асхананың ашылуы – университет инфрақұрылымын жетілдіру және студенттерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.

METU ұжымы білім алушылардың сапалы білім алуымен қатар, олардың жайлы әрі қолайлы студенттік ортада білім алуына ерекше мән береді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.