Главная Новости METU ЖАҢА «ЖАС ҒАЛЫМДАР ҮЙІ» АШЫЛДЫ
02 Қыркүйек 2026                  14
METU ЖАҢА «ЖАС ҒАЛЫМДАР ҮЙІ» АШЫЛДЫ

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде студенттерге арналған жаңа «Жас ғалымдар үйінің» ашылу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында университет басшылығы жаңа жатақхананы аралап, студенттерге жасалған жағдайлармен танысты. Жаңа нысан заманауи талаптарға сай жабдықталып, білім алушылардың жайлы әрі қауіпсіз тұруына қажетті жағдайлар қарастырылған.

Жаңа «Жас ғалымдар үйі» студенттердің оқуына, тынығуына және студенттік ортада белсенді араласуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бұл – METU университетінің студенттік инфрақұрылымды дамыту және білім алушыларға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы маңызды қадамдарының бірі.