Главная Новости ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ: METU ҰЖЫМЫ МЕН БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕР «КҮЙ – ҰРАН» КОНЦЕРТІН ТАМАШАЛАДЫ
15 Қыркүйек 2026                  45
ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ: METU ҰЖЫМЫ МЕН БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕР «КҮЙ – ҰРАН» КОНЦЕРТІН ТАМАШАЛАДЫ

METU Жастар ұйымдары комитетінің ұйымдастыруымен университет ұжымы қазақтың көрнекті күйші-композиторы, домбыра өнерінің дара тұлғасы Қаршыға Ахмедияровтың 80 жылдығына арналған «Күй – ұран» концертін тамашалады.


Кеш барысында Н.Тілендиев атындағы академиялық «Отырар сазы» оркестрінің орындауындағы ұлттық музыка туындылары көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Қазақтың дәстүрлі күй өнері арқылы халқымыздың тарихы, мәдениеті мен ұлттық болмысы кеңінен дәріптелді.

METU ұжымы үшін бұл кеш – ұлттық өнерді ұлықтап, қазақ музыкасының асыл мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берген тағылымды мәдени шара болды. Концерт барысында көрермендер күй құдіретін сезініп, дәстүрлі өнердің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани маңызын тереңірек түсінді.

Қаршыға Ахмедияровтың шығармашылық мұрасы – қазақтың күй өнеріндегі өзіндік орны бар баға жетпес қазына. «Күй – ұран» концерті ұлы өнер иесінің шығармашылығын дәріптеп, ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыра түсті.

METU Жастар ұйымдары комитеті алдағы уақытта да студент жастардың мәдени-рухани дамуына бағытталған осындай тағылымды іс-шараларға белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді жалғастырады.