2026 жылғы 14–20 қыркүйек аралығында Түркияның Стамбұл қаласында Стамбұл Бейкент университетінің базасында Компьютерлік ғылымдар және инженерия бойынша XI халықаралық IEEE-UBMK-2026 конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Бағдарламалық инженерия кафедрасының лекторы Тұрсынхан Айнұр Мақсатқызы қатысып, «Integrating Knowledge Graph Embeddings with Transformer Models for Scientific Document Classification» тақырыбындағы ғылыми мақаласы бойынша ауызша баяндама жасады.
Аталған конференция компьютерлік ғылымдар мен инженерия саласындағы заманауи ғылыми зерттеулерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және халықаралық ғылыми байланыстарды дамытуға бағытталған.
Тұрсынхан Айнұр Мақсатқызының конференцияға қатысуы кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары мен халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі болып табылады.