Алматы күніне орай қаладағы ең жарқын мәдени шаралардың бірі — «Kitap Fest» кітап жәрмеңкесі өтті.
METU студенттері әдебиет пен мәдениетті тоғыстырған ерекше шараға қатысып, кітаптар әлеміне саяхат жасады. Жастар жәрмеңке барысында түрлі жанрдағы кітаптармен танысып, танымал қаламгерлермен жүздесіп, кітапсүйер қауыммен бірге мерекелік атмосфераны сезінді.
Биылғы жәрмеңкеде 60-тан астам баспаның таңдаулы кітаптары оқырман назарына ұсынылды. Сонымен қатар келушілерге жаңа кітаптармен танысып қана қоймай, авторлармен кездесіп, әдебиет туралы пікір алмасуға мүмкіндік берілді.
METU студенттері үшін мұндай мәдени іс-шаралар — жаңа дүниелерді танып-білуге, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, рухани дамуға және бос уақытты мазмұнды өткізуге тамаша мүмкіндік.
Кітап — білімнің бастауы, ал оқу — дамудың үздіксіз жолы!