Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Бақтағы бір күн – болашаққа бастар жаңа қадам
18 Қыркүйек 2026                  40
Бақтағы бір күн – болашаққа бастар жаңа қадам

Күздің шуақты күнінде ғылым мен табиғат үндесіп, тәжірибе мен білім тоғысқан ерекше кездесу өтті.

2026 жылғы 18 қыркүйекте Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылындағы «Алмалық» тәжірибелік алаңында «Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің перспективалы сұрыптары: ғылым және тәжірибе» тақырыбындағы «Бақ күні» ғылыми-тәжірибелік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының өкілдері Айнур Адилханқызы мен Роза Сабитовна студенттерімен бірге қатысты.

Жасыл желекке оранған тәжірибелік бақ білім алушылар үшін нағыз ашық аспан астындағы зертханаға айналды. Студенттер жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің перспективалы сұрыптарын көріп, оларды өсірудің ерекшеліктерімен, өнімділігін арттыру тәсілдерімен және заманауи агротехнологиялармен танысты.

Ғалымдар мен сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, отандық және шетелдік селекция жетістіктері, сапалы өнім өндіру, өсімдіктерді күтіп-баптау және аграрлық саланы дамытудың жаңа бағыттары туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.

Бұл сапар студенттерге аудиторияда алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби ой-өрісін кеңейтуге және болашақ мамандығына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

«Бақ күні» – жай ғана танымдық іс-шара емес, ғылымға қызығушылықты арттырып, табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыратын және жаңа идеяларға жол ашатын тағылымды кездесу болды.

Бақтағы әрбір жеміс – еңбектің нәтижесі, ал әрбір жаңа білім – болашаққа егілген дән!