Главная Новости 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН «BIZBEN BIRGE PARTY» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
23 Қыркүйек 2026                  65
1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН «BIZBEN BIRGE PARTY» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастап, студенттер арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында 1-курс студенттеріне арналған «BIZBEN BIRGE PARTY» атты көңілді іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында студенттер бір-бірімен жақынырақ танысып, жаңа достар табуға және студенттік өмірдің қызықты сәттерін бірге өткізуге мүмкіндік алды. Кеш бағдарламасы түрлі қызықты ойындар мен интерактивті тапсырмаларға, көңілді сайыстарға және концерттік нөмірлерге толы болды.


Студенттер ойындар мен тапсырмаларға белсенді қатысып, өздерінің тапқырлығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Сонымен қатар, өнерлі студенттер концерттік нөмірлерін ұсынып, кештің көңіл-күйін одан әрі көтерді.

Кештің ерекше сәттерінің бірі — іс-шараға қатысқан студенттерге тегін балмұздақтың таратылуы болды. Тәтті сыйлық студенттердің көңілінен шығып, мерекелік атмосфераны одан әрі толықтыра түсті.

«BIZBEN BIRGE PARTY» — 1-курс студенттеріне жаңа ортаға бейімделуге, бір-бірімен танысуға, достық қарым-қатынас орнатуға және университеттегі студенттік өмірдің жарқын сәттерін бірге сезінуге мүмкіндік берген көңілді кеш болды.

Іс-шара соңында студенттер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.