Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Бағдарламалық инженерия кафедрасының студенттері HackAlem AI хакатонына қатысты
23 Қыркүйек 2026                  5
Бағдарламалық инженерия кафедрасының студенттері HackAlem AI хакатонына қатысты

Бағдарламалық инженерия кафедрасының ПИ-25-1.4к тобының студенттері Тастанов Диёрбек және Асқар Аятолла Астана қаласында өткен HackAlem AI хакатонына қатысты.

HackAlem AI – жасанды интеллект негізінде заманауи шешімдерді әзірлеуге бағытталған ірі хакатондардың бірі. Іс-шара барысында қатысушылар өз білімдері мен практикалық дағдыларын қолданып, нақты мәселелерді шешуге арналған AI-жобалармен жұмыс істеді.

Хакатонға қатысу студенттерге бағдарламалау, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы білімдерін тәжірибеде қолдануға, жаңа идеялар ұсынуға және командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қатысушылар IT саласындағы басқа жас мамандармен және әзірлеушілермен тәжірибе алмасып, заманауи технологиялардың даму бағыттарымен танысты.

Осындай іс-шараларға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, практикалық тәжірибе жинақтауға және өз жобаларын жүзеге асыруға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарламалық инженерия кафедрасы студенттердің кәсіби дамуына бағытталған бастамаларын қолдайды.