2026 жылғы 30
қыркүйекте Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Қаржы» білім
беру бағдарламасының 1-курс, Фин-26-1.1К тобының студенттері
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы
Бейсеғұл Дина Талғатқызымен бірге Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма
театрына барды. Студенттер «Мөлдір махаббат» спектаклін тамашалап, ұлттық театр
өнерімен жақынырақ танысты. Сахналық қойылым жастарға көркем шығарманың
мазмұнын актерлік шеберлік арқылы қабылдауға, кейіпкерлердің сезімдері мен
қарым-қатынасына ой жүгіртуге мүмкіндік берді.
Театрға бару
кафедраның тәрбие жұмысы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара студенттердің рухани
және мәдени құндылықтарын қалыптастыруға, ой-өрісін кеңейтуге, эстетикалық
талғамын дамытуға және ұлттық мәдени мұраға қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Мұндай мәдени іс-шаралар білім алушылардың университет өміріне бейімделуіне, топ ішіндегі қарым-қатынасты нығайтуға және бос уақытын мазмұнды өткізуіне ықпал етеді. Кафедраның тәрбие жұмысында жастарды ұлттық өнермен таныстыруға және олардың мәдени дүниетанымын кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді.