Бүгін Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде «Таза бейсенбі» акциясы аясында Студенттер
үйі аумағына тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияға 100-ге жуық білім алушы
қатысып, белсенділік көрсетті.
Бұл акцияның негізгі мақсаты -
экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың қоршаған ортаға деген
жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Шара Мемлекет басшысының «Таза
Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының бір бөлігі болып табылады. Біз жастарды жауапкершілік танытуға
және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға шақырамыз.
Аталған бағыттағы жұмыстар әр апта сайын жалғасын табады.