Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU-де ACCA өкілдерінің қонақ дәрісі өтті
28 Қыркүйек 2026                  98
METU-де ACCA өкілдерінің қонақ дәрісі өтті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде ACCA қауымдастығы өкілдерінің қонақ дәрісі өтті.

Дәріскерлер ретінде ACCA-ның Орталық Азия, Моңғолия және Армениядағы өкілдігінің басшысы Жанна Искенова және ACCA өкілдігінің менеджері Асель Шкубарова сөз сөйледі.

Кездесу барысында ACCA өкілдері халықаралық кәсіби бағдарламаны таныстырып, ACCA біліктілігін алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Қатысушылар қандай емтихандарды тапсыру қажеттігін, оларға қалай дайындалу керектігін және ACCA кәсіби қауымдастығына мүше болу үшін үміткерлерге қандай талаптар қойылатынын білді.

Халықаралық біліктіліктің артықшылықтарына, кәсіби даму перспективаларына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы салаларында мансап құру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Қонақ дәрісі қатысушыларға халықаралық сертификаттау туралы өзекті ақпарат алуға және қаржы-экономикалық бағыттағы мамандарға қойылатын заманауи талаптар жөніндегі түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Осындай кездесулерді өткізу METU мен халықаралық кәсіби ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және студенттердің кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.