2026 жылғы 1
қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде METU
профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне арналған «Жеке тұлғалардың
табыстарына салық салу» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Іс-шараны
«Экономика және бизнес» кафедрасы ұйымдастырды.
Шеберлік
сабағын «IFC COLOS» ЖШС қаржы директоры, салық консультанты Ольга Николаевна
Грищенко өткізді.
Іс-шара
барысында жеке тұлғалардың табыстарына салық салудың өзекті мәселелері, салық
заңнамасын қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ салықтарды есептеу мен төлеудің
практикалық аспектілері қарастырылды.
Кездесу
белсенді кәсіби диалог форматында өтті. Оқытушылар мен студенттер спикерге
өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық жағдайларды талқылады және
салық салудың өзекті мәселелері бойынша білікті ұсынымдар алды.
Осындай
шеберлік сабақтарын өткізу оқытушылар мен студенттердің кәсіби құзыреттілігін
арттыруға, практикалық тәжірибе алмасуға және университеттің кәсіби қоғамдастық
өкілдерімен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.