Түркі әлемі туризмінің VIII халықаралық
конгресі ұйымдастыру комитетінің шақыруымен Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының
оқытушылары Доскаранова Асия Муратовна мен Нурбекова Шынар Курмашевна 2026
жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Анкара қаласында (Түркия) өткен халықаралық
конгреске қатысты.
Конгрестің ғылыми бағдарламасы аясында METU
оқытушылары ғылыми мақалаларын таныстырып, жүргізілген зерттеулердің нәтижелері
бойынша баяндамалар жасады.
Доскаранова Асия Муратовна «Қазақстан мәдени
мұрасы және туризмді цифрландыру мүмкіндіктері» тақырыбындағы ғылыми мақаласын
таныстырып, баяндама жасады. Зерттеу Қазақстанның мәдени мұрасын цифрландыруға
және мәдени туризмді дамытуда заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктеріне
арналды.
Нурбекова Шынар Курмашевна «Қазақстандағы
экотуризмнің дамуы және туристік бағыттарды цифрландыру мүмкіндіктері»
тақырыбындағы ғылыми мақаласын таныстырып, баяндама жасады. Зерттеу жұмысында
экотуризмді дамыту және Қазақстанның туристік бағыттарын цифрландыру мәселелері
қарастырылды.
Конгресс ғылыми және кәсіби тәжірибе
алмасуға, туризмді дамытудың өзекті үрдістерін талқылауға, сондай-ақ Түркі
әлемі елдерінің білім беру және ғылыми ұйымдарының өкілдерімен жаңа байланыстар
орнатуға арналған маңызды халықаралық алаңға айналды.
METU оқытушыларының халықаралық ғылыми
іс-шараларға қатысуы академиялық ынтымақтастықты дамытуға, кәсіби байланыстарды
кеңейтуге және университеттің халықаралық беделін нығайтуға ықпал етеді.