2026 жылғы 14 қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) академиялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Абдилдаева Асель Асылбековна мен Алматы облысының Білім басқармасының басшысы Жұманов Қайрат Ізбасарұлы арасында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін және университет пен Алматы облысының білім беру жүйесі арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ серіктестік қатынастарды дамытуға, тәжірибе алмасуға және еңбек нарығының заманауи талаптарына сай сұранысқа ие мамандар даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік танытып, өзара ынтымақтастық туралы меморандум дайындау және оған қол қою жөнінде уағдаласты.
Қол жеткізілген уағдаластықтар білім беру саласындағы серіктестікті нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға негіз болады.