METU
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары
Айтқұлова Құралай Оңғаровна мен Eleanya Nnanna Samuel студенттердің ағылшын тіліндегі
грамматикалық білімдерін жетілдіру және практикалық тілдік дағдыларын дамыту
мақсатында «Practical English Grammar» атты тұрақты практикалық сабақтар
топтамасын ұйымдастырды. Аталған бастаманың негізгі мақсаты – студенттердің
ағылшын тілінің грамматикалық құрылымдарын дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру, сөздік қорын байыту, ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау
қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ шет тілін үйренуге деген қызығушылығын
арттыру. «Learn – Practice – Improve» («Үйрен – Тәжірибеде қолдан – Жетілдір»)
қағидатына негізделген сабақтар барысында грамматикалық ережелерді күнделікті
қарым-қатынаста қолдануға, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға, тілдік қателерді
анықтау мен түзетуге және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға ерекше
назар аударылады.
Практикалық
сабақтардың ерекшелігі – интерактивті тапсырмалар мен тәжірибеге бағытталған
оқыту әдістері арқылы студенттердің тілдік құзыреттіліктерін дамыту, олардың
белсенділігін арттыру және ағылшын тілінде өз ойын еркін әрі сауатты жеткізуіне
жағдай жасау. Сабақтар әр сәрсенбі сайын сағат 14:00–15:00 аралығында
университет кітапханасының екінші қабатында өткізіледі. Мұндай білім беру
бастамалары студенттердің академиялық және кәсіби дамуына, халықаралық білім
беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына және шет
тілдерін меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
«Әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер және әлем тілдері» кафедрасы студенттердің тілдік құзыреттіліктерін
арттыруға, заманауи оқыту әдістерін енгізуге және білім алушылардың жан-жақты
дамуына бағытталған жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Practical English Grammar – Better English, Brighter Future!