Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры 6В04103 –Қаржы білім беру бағдарламасын оқытушылар, сарапшылар және студенттердің қатысуымен талқылау және жетілдіру
11 Ақпан 2026                  75
6В04103 –Қаржы білім беру бағдарламасын оқытушылар, сарапшылар және студенттердің қатысуымен талқылау және жетілдіру

«Экономика және бизнес» кафедрасында университет басшылығының, профессор-оқытушылар құрамының, жұмыс берушілер мен кәсіби қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен 2026 жылғы қабылдауға арналған «6B04103 – Қаржы» білім беру бағдарламасы талқыланды.

Кафедра меңгерушісі Дильдебаева Ж.Т. оқу жоспарының жобасын таныстырып, пәндер мазмұнының жұмыс берушілердің ұсынымдары мен ACCA талаптарын ескере отырып жаңартылғаны туралы хабарлады.

«IFC COLOS» ЖШС қаржы директоры Грищенко О.Н. студенттердің ақша қаражатының қозғалысын есепке алу және басқару саласындағы даярлығын күшейтуді ұсынды.

Қауымдастырылған профессор Садырова Г.А. «Кәсіпорын экономикасы» пәнін енгізу қажеттігін атап өтті.

«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Сакыпбекова М.Ж. бизнес-аналитика мен цифрлық құралдарға байланысты пәндерді жаңарту жөнінде ұсыныстар енгізді.

Проректор Абдилдаева А.А. академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету және пәндерді қайта есептеу мүмкіндігінің маңыздылығына назар аударды.

Салалық кеңестің төрағасы Миржакыпова С.Т. курстардың мазмұнын Қазақстан Республикасындағы қаржы-экономикалық қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзектендіруді және «Бизнес және технологиялар» пәнін енгізуді ұсынды.

Талқылау қорытындысы бойынша жекелеген пәндердің атаулары мен мазмұнын жаңарту, кредиттерді бөлуді оңтайландыру, сондай-ақ «Бизнес және технологиялар» және «Компания құнын басқару» пәндерін енгізу ұсынылды. Қабылданған шешімдер болашақ қаржыгерлердің практикалық, талдамалық және цифрлық даярлығын күшейтуге бағытталады.