Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры ИТвЭЭ-23-1,2к топтарының студенттері «Samal» су өндіру кәсіпорнында болды
15 Қазан 2026                  71
ИТвЭЭ-23-1,2к топтарының студенттері «Samal» су өндіру кәсіпорнында болды

ИТвЭЭ-23-1,2к топтарының студенттері жетекші оқытушы Пустовая О. А. жетекшілігімен «Samal» ауызсу өндіру кәсіпорнына барып, өндірістік үдерістермен танысты.

Экскурсия барысында студенттер судың алыну көздері, оны тазарту және өңдеу кезеңдері, сондай-ақ дайын өнімді бөтелкелерге құю технологиясы туралы ақпарат алды. Сонымен қатар өндірісте қолданылатын технологиялық және электр жабдықтарының жұмыс ерекшеліктерімен танысты.

Сабақтың негізгі мақсаты — студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, заманауи өндіріс жағдайындағы инженерлік қызмет туралы түсініктерін кеңейту және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Мұндай тәжірибелік сабақтар болашақ инженерлердің кәсіби даярлығын арттыруға, өндірістік үдерістерді тереңірек түсінуге және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Университет «Samal» компаниясына экскурсияны ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен қонақжайлығы үшін алғыс білдіреді.