2026 жылғы 13
қазанда Түркістан қаласында «Білімді Келешек – III» халықаралық білім көрмесі
өтті. Аталған іс-шараға Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті
(METU) қатысып, талапкерлерге білім беру мүмкіндіктерін таныстырды.
Көрме
барысында университет өкілдері мектеп оқушылары мен болашақ талапкерлерге
METU-дің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, мемлекеттік білім
гранттары, университеттің ішкі гранттары мен оқу ақысына қарастырылған
жеңілдіктер туралы ақпарат берді.
Сонымен
қатар келушілер университеттің оқу үдерісі, студенттік өмірі және кәсіби даму
мүмкіндіктері жөнінде жеке кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап
алды.
«Білімді
Келешек – III» халықаралық білім көрмесіне қатысу METU үшін болашақ
талапкерлермен тікелей байланыс орнатуға, университеттің білім беру
мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға және өңірдегі кәсіптік бағдар беру жұмысын
дамытуға мүмкіндік берді.
Автор:
Мусақызы Ж.