2026 жылғы 16
қазанда Тараз қаласында «Білімді Келешек – III» халықаралық білім көрмесі
ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Халықаралық инженерлік-технологиялық
университеті (METU) қатысып, өңірдегі мектеп оқушыларына жоғары білім алу
мүмкіндіктерін таныстырды.
Көрме
барысында университет өкілдері болашақ талапкерлермен кездесіп, METU-дің білім
беру бағдарламалары, оқуға қабылдау тәртібі және студенттерге ұсынылатын
мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ мемлекеттік білім
гранттары, университеттің ішкі гранттары мен оқу ақысына қарастырылған
жеңілдіктер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға
қатысушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, кәсіби
бағытты дұрыс таңдауға қатысты жеке кеңестер алды. Университет өкілдері
заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен білім алудың тәжірибелік
мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.
METU-дің
Тараз қаласындағы халықаралық білім көрмесіне қатысуы өңір жастарына
университеттің білім беру әлеуетін таныстыруға және олардың болашақ мамандығын
саналы түрде таңдауына қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.
Автор:
Мусақызы Ж.