Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Бостанов Бектас Ганиевич БАҚ өкілдеріне сұхбат берді
19 Қазан 2026                  74
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Бостанов Бектас Ганиевич БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Бостанов Бектас Ғаниұлы бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтар шығарылымына қатысып, өзекті мәселелер бойынша кәсіби көзқарасын білдірді.

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының бұқаралық ақпарат құралдарына қатысуы білім беру мен ғылым саласындағы маңызды мәселелерді қоғам назарына ұсынуға, ғылыми жетістіктер мен кәсіби тәжірибені кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Мұндай ақпараттық кездесулер жоғары оқу орындары мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, ғылыми қауымдастық өкілдерінің сарапшылық пікірлерін көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

Бектас Ғаниұлының бұқаралық ақпарат құралдарында сарапшы ретінде сөз сөйлеуі университеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетін танытып, профессорлық-оқытушылық құрамның қоғамдық және ақпараттық кеңістіктегі белсенділігін көрсетеді. Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті білім, ғылым және инновация салаларындағы өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, академиялық қауымдастық пен қоғам арасындағы кәсіби байланысты дамытуға ерекше мән береді.

Бейнематериалға сілтеме: https://youtu.be/ZvV8VnFlH8k