Университетте шешендік өнер клубының
«Көптілділік» тақырыбына арналған үшінші отырысы өтті. Кездесу қазақ және орыс
тілдерінде ұйымдастырылып, қатысушыларға өз ойларын еркін жеткізуге және пікір
алмасуға мүмкіндік берді.
Отырыс барысында қатысушылар қазіргі
қоғамдағы көптілділіктің маңызын, қазақ және орыс тілдерінің қоғамдағы рөлін,
сондай-ақ бірнеше тілді меңгерудің кәсіби және тұлғалық дамуға ықпалын
талқылады. Сонымен қатар ана тілін сақтау, тілдік және мәдени әралуандылықты
құрметтеу, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту мәселелеріне ерекше назар
аударылды.
Кездесу аясында студенттер қазақ және орыс
тілдерінде сөз сөйлеп, өз көзқарастарын білдіріп, пікірталасқа қатысты. Мұндай
іс-шаралар студенттердің шешендік қабілеттерін жетілдіруге, өз ойын жүйелі әрі
сенімді жеткізуге және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал
етеді.
Отырыс ашық диалог, белсенді қарым-қатынас
және пікір алмасу жағдайында өтті. Осындай кездесулер университеттегі көптілді
ортаны дамытуға, студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға және
тіл үйренуге деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған.
Шешендік өнер клубы студенттердің шығармашылық
әлеуетін ашуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға және жан-жақты дамыған тұлға
қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.