Главная Новости CareerTalks: Тәжірибесіз қалай жұмыс табуға болады?
21 Қазан 2026                  59
CareerTalks: Тәжірибесіз қалай жұмыс табуға болады?

2026 жылғы 21 қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) hh.kz компаниясымен бірлесіп, «Тәжірибесіз қалай жұмыс табуға болады?» тақырыбында мастер-класс өтті.

Кездесу білім алушыларға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша қолдау көрсетуге және олардың кәсіби мансабын бастауға дайындық деңгейін арттыруға бағытталды.

Мастер-класс барысында қатысушылар алғашқы жұмысты іздеуді неден бастау керектігін, жұмыс берушінің назарын қалай аударуға болатынын және компаниялардың тәжірибесі аз мамандарды іріктеу кезінде қандай талаптарға мән беретінін білді. Түйіндеме дайындау, өзекті бос жұмыс орындарын іздеу және еңбек тәжірибесінсіз жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

hh.kz компаниясының өкілі білім алушылармен практикалық ұсыныстарымен бөлісіп, еңбек нарығында бағдар табуға және алғашқы жұмысқа орналасуға дайындалуға көмектесетін кеңестер берді.


Іс-шара қатысушыларға еңбек нарығындағы заманауи үрдістер туралы өзекті ақпарат алуға, қызықтырған сұрақтарын қоюға және кәсіби даму мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.