Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ТиПП-26-1.1 тобындағы эдвайзерлік сағат
19 Қазан 2026                  50
ТиПП-26-1.1 тобындағы эдвайзерлік сағат

2026 жылдың 19 қазаны күні қ.профессор, эдвайзер Тукебаева Ж.А. -ның жетекшілігімен Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің ТиПП-26-1.1 тобында межелік бақылауға дайындық барысы сөз етілді және оны сәтті тапсыру, сондай-ақ университеттегі дресс-код талаптарын сақтау тақырыптарына арналған эдвайзерлік сағат өткізілді.

            Кездесу барысында студенттердің оқу үлгеріміне, межелік бақылауға жүйелі түрде дайындалуына және оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауына ерекше назар аударылды. Эдвайзер сабаққа тұрақты қатысудың, оқу тапсырмаларын уақытылы орындаудың және оқу материалдарын өз бетінше меңгерудің маңыздылығын атап өтті.

            Сонымен қатар университет мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылатын дресс-код талаптарын сақтау мәселесі қарастырылды. Студенттерге сыртқы келбетінің ұқыптылығын сақтау, іскерлік киім үлгісін ұстану және академиялық әдеп нормаларын сақтау қажеттілігі ескертілді.

            Кездесу қорытындысы бойынша студенттерге білім сапасын арттыру, межелік бақылауды сәтті тапсыру және университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

            Өткізілген эдвайзерлік сағаттың мақсаты – студенттердің оқу мотивациясын арттыру, академиялық жауапкершілігін қалыптастыру және университеттің білім беру ортасында мәдениетті мінез-құлық дағдыларын дамыту.