Главная Новости Республика күніне орай METU ғылыми кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан – Мәңгілік ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
23 Қазан 2026                  77
Республика күніне орай METU ғылыми кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан – Мәңгілік ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

        Көрменің мақсаты – оқырмандарға Қазақстанның қалыптасу тарихын, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын және еліміздің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың еңбектерін таныстыру. Сонымен қатар жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.

   Республика күні – елдігімізді айшықтайтын, ұлттық рухымызды көтеріп, тәуелсіздігіміздің қадірін ұғындыратын ұлық мереке. Тарихымызды тану – өткенімізді құрметтеп, болашағымызды бағамдаудың негізі.

     Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бірлігіміз бекем болсын!