Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
23 Қазан 2026                  27
25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25 қазан – еліміздің тарихындағы ерекше маңызға ие ұлттық мереке – Республика күні!

Бұл күн – Қазақстанның мемлекеттілігі мен тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айқындайтын, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мереке. Республика күні – Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін нығайтатын маңызды күн.

Осы мерекеге орай METU университетінің Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы кафедрасының ТиПП-26-1р тобы эдвайзер Акмурадов И.Б. жетекшілігімен мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық тарихқа деген құрметті арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту.

Барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз биікте желбірей берсін! Қазақстанымыздың болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!