Главная Новости METU студенттері "Ән әлемі" кешінде
24 Қазан 2026                  32
METU студенттері "Ән әлемі" кешінде

         22 қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университет студенттері Республика күніне орай ұйымдастырылған, «Алатау» дәстүрлі өнер театры артистерінің камералық хоры ұсынған «Ән әлемі» атты концерттік кешін тамашалады.

         Дәстүрлі ән, хор өнері мен заманауи музыканы біріктірген бұл кеш студенттерге ұмытылмас әсер сыйлады. Сахна төрінде қазақтың халық әндері, классикалық хор шығармалары және жаңа музыкалық өңдеудегі заманауи туындылар жаңа қырынан көрініс тапты. Көпдауысты хордың үйлесімі, жеке орындаушылардың шеберлігі және аспаптық ансамбльдің сүйемелдеуі жастарды тамсандырды.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті білім алушыларға сапалы білім берумен қатар, олардың мәдени-рухани дамуына, ұлттық өнер мен құндылықтарды терең танып-білуіне ерекше мән береді. Осы бағытта студенттердің мәдени іс-шараларға қатысуына жағдай жасау, эстетикалық талғамын қалыптастыру және рухани дүниетанымын кеңейту университет қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Ұлттық музыкамыздың бай мұрасын дәріптеген әсерлі кеш студенттердің жүрегінен жол тапты