Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры АҒЫЛШЫН ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ АДАМ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
28 Қазан 2026                  39
АҒЫЛШЫН ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ АДАМ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 28 қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде ағылшын тілі апталығы аясында «Әлеуметтік желілердің адам өміріне әсері» (The Impact of Social Media on Human Life) тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шараны «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының лекторы Бейсеғұл Дина Талғатқызы ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттер әлеуметтік желілердің адам өміріне тигізетін оң және теріс әсерлерін ағылшын тілінде талқылап, сахналық көріністер мен шығармашылық жұмыстар арқылы өз ойларын жеткізді. Жасанды интеллект көмегімен әзірленген көрнекі материалдар, интерактивті ойындар мен танымдық тапсырмалар студенттердің тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталды.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің құрылтайшысы мен басшылығы білім беру сапасын халықаралық талаптарға сай жетілдіруге, шет тілдерін оқытуды дамытуға және халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейтуге ерекше мән береді. Университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен қалыптасқан серіктестік байланыстары академиялық ұтқырлықты дамытуға, студенттердің халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуына және кәсіби әлеуетін арттыруына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Осы стратегиялық басымдықтардың маңызын атап өткен кафедра меңгерушісі Жарылқасын Еркінұлы ағылшын тілін меңгерудің халықаралық академиялық ортаға кірігудегі, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудағы және бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар мұндай іс-шаралардың студенттердің тілдік даярлығын жетілдіруге және халықаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.

Іс-шараға кафедра оқытушылары да қатысып, студенттердің белсенділігі мен шығармашылық бастамаларына қолдау білдірді.

Ағылшын тілі апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шара студенттердің тілдік құзыреттілігін, сыни ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік желілерді саналы әрі жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.