Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Ағылшын тіліндегі студенттік дебат: екі тақырып, екі көзқарас
28 Қазан 2026                  34
Ағылшын тіліндегі студенттік дебат: екі тақырып, екі көзқарас

2026 жылғы 28 қазанда «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен ағылшын тілі апталығы аясында студенттер арасында «Student Debate: Two Topics – Two Perspectives» тақырыбында дебат өткізілді.

Іс-шараны оқытушылар Махажанова Ляйля Мадибековна және Айткулова Құралай Онгаровна ұйымдастырды.

Дебат барысында студенттер екі өзекті тақырып бойынша пікірталас жүргізді: «The Last Human» және «Break the Silence: Stop Bullying». Қатысушылар өз көзқарастарын ағылшын тілінде білдіріп, дәлелдер келтіріп, қарсы тараптың пікірлеріне жауап берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін еркін әрі сауатты жеткізуге үйрету және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дебат студенттердің белсенділігін арттырып, өзара пікір алмасуына және тілдік дағдыларын тәжірибе жүзінде дамытуына мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, олардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.