2024–2025 оқу жылында өткізілген Республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында Абуова А.Б.-ның ғылыми жетекшілігімен «Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиниринг» білім беру бағдарламасының студенті Тлеумаганбетова Үмітай І орын иеленді. Осы жетістіктің негізінде Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігінің шешімімен METU 2025–2026 оқу жылындағы республикалық конкурсты өткізу бойынша базалық жоғары оқу орны болып белгіленді.
2025–2026 оқу жылында METU базасында ұйымдастырылған конкурсқа Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды.
Конкурс қорытындысы бойынша METU студенттері Жәңгір Б., Морозова К. және Сокольников К. ІІІ орын иеленіп, өздерінің ғылыми әлеуеті мен зерттеушілік қабілеттерін көрсетті.
Жеңімпаздар мен олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Барша қатысушыларға шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми жетістіктер және толағай табыстар тілейміз!