2026
жылғы 28 қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU)
Алматы қаласы Мектеп оқушылары сарайының ғылыми-техникалық бағыт жетекшісі,
робототехника, бағдарламалау, ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) және астрономия
саласының сарапшысы Валерий Никифоровпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің
тақырыбы — «Қадам - қадаммен».
Іс-шараны
студенттер арасында ғылыми қызығушылықты, техникалық шығармашылықты және
зерттеу бастамаларын дамытуды белсенді қолдайтын METU Ғылыми клубы
ұйымдастырды.
Кездесу
барысында Валерий Никифоров робототехника, бағдарламалау және практикалық
STEM-білім беру салаларындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар
инженерлік технологияларды дамытудың заманауи бағыттарымен, ғылыми жобалармен
жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және ғарыш кеңістігін игерудің болашағымен
танысты.
Кездесу
тәжірибе алмасуға, ғылыми көкжиекті кеңейтуге және ғылым мен технология
саласындағы жаңа жетістіктерге жігерлендіруге арналған алаңға айналды.
METU
жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға, инженерлік білімді кеңінен насихаттауға
және инновацияларға деген қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған бастамаларды
қолдауды жалғастыруда.