Главная Новости «Кітап оқитын ұлт»: METU-де жазушымен әдеби кездесу өтті
02 Қараша 2026                  110
«Кітап оқитын ұлт»: METU-де жазушымен әдеби кездесу өтті

     METU ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында белгілі жазушы, журналист Сәкен Сыбанбаймен әдеби кездесу өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және жастардың рухани-танымдық дамуын қолдау жөніндегі бастамаларымен үндеседі.

Кездесу барысында жазушының «Ғаламтордағы махаббат» атты әңгімесі талқыланып, шығарманың идеясы, қазіргі қоғамдағы интернеттің рөлі, виртуалды қарым-қатынас пен адамгершілік құндылықтар мәселелері қозғалды. Студенттер авторға сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесу соңында университет атынан Сәкен Сыбанбайға шығармашылық жүздесу үшін Алғыс хат табысталды.

METU ғылыми кітапханасы жастардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және көркем әдебиетті насихаттауға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.