Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ студенті «Түркі халықтарының үздік студенті – 2026» халықаралық байқауының I дәрежелі дипломымен марапатталды
06 Қараша 2026                  60
МИТУ студенті «Түркі халықтарының үздік студенті – 2026» халықаралық байқауының I дәрежелі дипломымен марапатталды

2026 жылғы 31 қазанда Астана қаласында әртүрлі елдердің дарынды студент жастарын біріктірген «Түркі халықтарының үздік студенті – 2026» халықаралық байқауы өтті.

Байқауға Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (МИТУ) ТУР-25-1.2к тобының студенті Санай Аруна қатысты. Ол өзінің жоғары жетістіктерін, белсенді азаматтық ұстанымын, кәсіби және зияткерлік дамуға деген ұмтылысын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша студентіміз «Түркі халықтарының үздік студенті – 2026» құрметті атағына ие болып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Студенттің жетекшісі Доскаранова Асия Муратовнаға кәсіби тәлімгерлігі, қолдауы, жауапкершілігі және байқауға қатысушыны дайындауға қосқан үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз. Бірлескен еңбектің, тәлімгердің назары мен қолдауының арқасында студенттердің жетістіктері лайықты бағаланып келеді.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ұжымы студент пен оның жетекшісін лайықты жетістігімен құттықтайды! Жаңа жетістіктер, ғылыми жеңістер және алдағы кәсіби табыстар тілейміз!

Студенттеріміз бен оқытушыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз!