Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU-де «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында дәрістер топтамасы өтті
26 Қазан 2026                  106
METU-де «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында дәрістер топтамасы өтті

2026 жылғы 21–23 қазан аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Экономика және бизнес» кафедрасының тәрбие жұмысы аясында «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында дәрістер топтамасы өтті.

Іс-шараларға «Туризм», «Қаржы», «Есеп және аудит», ИИТЭ және «Маркетинг» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Дәрістерді медицина ғылымдарының кандидаты, PhD, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Кусаинова Фарида Азимовна өткізді.

Кездесулер барысында жастардың репродуктивті денсаулығын сақтаудың өзекті мәселелері, түсік түсірудің әйел денсаулығына әсері, бедеуліктің себептері, сондай-ақ аурулардың алдын алудың және денсаулықты сақтаудың заманауи әдістері қарастырылды.

Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, медициналық сауаттылықты арттыруға және уақтылы профилактиканың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Студенттер тақырыпқа қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің хабардарлығын арттыруға, салауатты өмір салты мәдениетін және өз болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.